Қазақ тілді БАҚ-тардың веб сайттарының ортақ платформасы жасалмақ
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 04.10.2010 22:12
Мен бүгін қазақ тілді БАҚ-тардың өкілдерімен және блогшылармен, интернет-кеңістігін дамытумен айналысатын сарапшылармен кездестім. Кездесуде қазақ тіліндегі веб сайттарды дамыту, олардың рейтингін көтеру мәселесін талқыладық. Себебі, бүгінгі күні Қазнетте 7000 ға жуық сайт болса, олардың тек 600 ден астамы ғана қазақ тілді сайттар.
Қазақтелеком «Carrier Meeting» IV Халықаралық конференцияның ұйымдастырушысы болды
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 01.10.2010 22:10
2010 жылы 30 қыркүйегінде Алматыда Ростелеком, Транстелеком, Мегафон, Совинтел, Өзбектелеком, Қырғызтелеком, Сайма Телеком, China Unicom және China Telecom шетел байланыс операторларының қатысуымен болған «Carrier Meeting» IV Халықаралық конференция ашылды. Конференцияның қатысушыларына IP MPLS желісінің жаңа сәулет жобасы мен жаңа деректерді жеткізу қызметтері ұсынылды.
Ұялы байланыс қызметі арзандайды
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 26.09.2010 22:07
Ұялы байланыс қызметінің тарифтерінің жоғарылығы – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің алдына қойылған басты мәселе болатын. Жасыратын несі бар, ұялы байланыс қызметі елімізде, шынымен де, арзан емес. Мобилдік телефон қажеттілік құралдардың біріне айналды, бірақ, ұзақ сөйлесулер абоненттің қалтасына әлі де зиян келтіруде.
Мойнақ СЭС құрылысы қарқынды жүріп жатыр
- Толығырақ
- Категория: Қуат
- Жарияланды 26.09.2010 20:33
Тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласындағы ең бір ауқымды жобалардың бірі Мойнақ СЭС құрылысы қарқын алып келеді. Қазірде жоспарлы шаруаның 60 пайызын аяқталды. Кеше станциядағы маңызды нысан су ағатын туннельдің екі учаскесінің қосылуы болды. Алматы облысы Шарын өзенінің бойындағы екпінді құрылысты көріп келген Есболат Айдабосынның репортажы.
«Союз ТМА-18» кемесінің ХҒС-дан ажырау операциясы техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды
- Толығырақ
- Категория: Көлік
- Жарияланды 25.09.2010 22:44
«Союз ТМА-18» көліктік ұшқыш кемесінің (КҰК) халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ажырау операциясы техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметінің хабарламасында.