Жиі қойылатын сұрақтар

Кім ҚІБ мүшесі бола алады?

Бірлестіктің мүшесі болып бірлестіктің мүдделерін қолдайтын әр адам бола алады.
Біздің Жарғыда былай деп жазылған: Кәмелетке толған және Бірлестіктің Жарғысын мойындайтын Қазақстан Республикасы және шетел азаматтары
Бірлестіктің мүшесі бола алады.
Бірлестіктің мүшесі адал,әділ, және кәсіби бағытта өркендеуге дайын тұрған адам болу керек. Бірлестік мүшелері Қазақстан патриоты және
бірлестіктің мүдделеріне сәйкес қызметке еліктірілген болу керек.

Мен бірлестіктің мүшелігінен қандай пайда көрем?


Бірлестіктің мүшесі болғасын жерде сіз өз тәжірибеңізді және идеяларыңызды әріптестер және пікірлестеріңе тарата аласыз және жас қазақ техникалық мәдениет онымен қатар қазақ техникалық тілдің өркендеуне өзіңіздің үлесіңізді қоса аласыз.

Мүшеліктің қандай категориялары бар?

Бірлестік мүшелігі 3 категориялы:

  • Жанкүйерлер
  • Негізгі мүшелер
  • Құрметті мүшелер

Түрлі категорияларға қандай критериялар бар?

* Жанкүйерлер – техникаға жақын салада жұмыс жасайтын, әлде техникалық әуестенулері бар адамдар.

* Негізгі мүшелер – тиісті техникалық білімдері және дағдылары бар. Мүшелер өздерінің құжаттарында KIBM (Kazak Injenerler Birlestigi Myshesi). аббревиатурасын қолдануға құқығы бар.

* Құрметті мүшелер – өз қызмет саласында жоғары біліктілігі және тұрақты жетістіктері бар. Құрметті мүшелер KIBKM (Kazak Injenerler Birlestigi Ky’rmetti Myshesi) аббревиатурасын қолдануға құқығы бар.

Бірлестік мүшесі болу үшін міндетті түрде қазақ болуым керек пе?


Жоқ, әр ұлт өкілі бірлестік мүшесі бола алады. Мүшелерге қойылатын негізгі талап – қазақ тілін сыйлау және оны үйренуге ынта.

Бірлестік мүшесі болу үшін мен міндетті түрде мекеменің инженері болуым керек пе?

Жоқ, бірлестік мүшелері тек инженер емес мұғалім де, менеджер де, прораб та, зейнеткер де, уақытша жұмыссыз отырған да адам бола алады.

Мүшелік мерзімі қашан бітеді?


Мүшелік мерзімі мүшелік жарна төлеген күннен басталып, бір жыл бойы созылады. Сонаң соң сізге мүшелігіңізді жаңғырту қажет.

Мүшелікке арызды қалай беремін?


Мүшелікке арыз беру үшін мына адреске This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   хат жолдаңыз. Сізге арыздың нысаны жіберіледі, соны толтырып, астына қолыңызды қойып, скандап, кейін сол адреске жібересіз.

Мүшелікке мен қандай көмек жасай аламын?


Мүшелік алдында өте үлкен мақсаттар тұр. Сол мақсаттарды іске асыруға қандай амалдарын білсеңіз бізбен бөлісіңіз. Бізге волонтерлар керек. Бізге волонтер боламын я басқа көмек жасаймын десеңіз мына адреске жазыңыз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)