Мүшелік

* Жанкүйерлер – техникаға жақын салада жұмыс жасайтын, әлде техникалық әуестенулері бар адамдар.

* Негізгі мүшелер – тиісті техникалық білімдері және дағдылары бар. Мүшелер өздерінің құжаттарында KIBM (Kazak Injenerler Birlestigi Myshesi). аббревиатурасын қолдануға құқығы бар.

* Құрметті мүшелер – өз қызмет саласында жоғары біліктілігі және тұрақты жетістіктері бар. Құрметті мүшелер KIBKM (Kazak Injenerler Birlestigi Ky’rmetti Myshesi) аббревиатурасын қолдануға құқығы бар.

5. Бірлестіктің Құрметті мүшесі болып Бірлестіктің мақсаттарын жүзеге асыруға маңызды үлес салған кез келген Бірлестік мүшесі бола алады. Құрметті мүше атағын беру шешімін Кеңес қабылдайды.

6. Кеңес тізім ашып мүшелерді соған тіркейді.

7. Мүшелік жарнаның мөлшерін Кеңес белгілейді.

8. Зейнетке шыққан Бірлестіктің мүшелері мүшелік жарна төлемінен босатылады.

9. Бөлек сауалмен Бірлестіктің мүшесі сертификат ала алады.

10. Бірлестік мүшесінің құқықтары:

* Бірлестіктің сайлау мекемелеріне сайлауға және сайлануға (тек қана негізгі я құрметті мүшелері);

* Жарғыға өзгерістер және қосымшалар еңгізу, Бірлестіктің міндеттерін атқару және оның жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар беруге;

* Бірлестік беріп тұрған барлық кеңестік, эксперттық, құқықтық, методикалық көмектің түрлерімен қолдануға және кәсіби құқықтардың қорғауына, шығармашылық қызметінің қорытындыларына байланысты мәселелермен жүгінуге;

* Бірлестік ұйымдастырған шараларға қатысуға;

* Бірлестікте бар, құпия емес ақпаратты толық мөлшерде қолдануға;

* Бірлестіктің KIBM / KIBКM аббревиатурасын визит карточкасы мен басқа құжаттарда өзінің атынан кейін көрсетуге;

11. Бірлестік мүшесінің міндеттері:

* Бірлестіктің Жарғысын сақтау;

* қазақ инженерiнiң кәсiби әдебiнiң кодексiн сақтау;

* жас мамандардың кәсіби өсуіне көмек беру;

* Бірлестіктің басқармасының заңға қайшы емес шешімдерін жүзеге асыру;

* мүшелік жарнасын уақытында төлеу.

12. Бірлестік өзінің мүшелерінің міндеттемелеріне, мүшелер Бірлестіктің міндеттемелеріне жауап бермейді.

13. Бірлестік мүшелігі тоқтатылатын жағдайлар:

* Бірлестіктің мүшесі Бірлестіктен өз еркінімен шығу;

* Бірлестіктің мүшесін Бірлестіктен шығару.

14. Бірлестіктен шығу мүшенің жазба арызы бойынша атқарылады;

15. Бірлестіктен шығару мынадай жағдайда іске асырылады:

* Бірлестік Жарғысына қайшы келетін іс-әрекет туғызған жағдайда;

* Екі жыл бойы мүшелік жарна төлемеген жағдайда.

16. Бірлестік мүшелігінен шығаруды бірлестіктің Кеңесі атқарады.

17. Бірлестіктегі мүшелік тоқтатылған кезде Бірлестік мүшелері Бірлестікке берілген Бірлестіктің мүлігіне, соның ішінде мүшелік жарнаға, құқығын сақтамайды.

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)