Жасырын саясаты

Қазақ Инженерлер Бірлестігі интернет пайдаланушылардың жеке мәліметтері сақталуы керек, олар интернетке кіргенде сырттан бақылау болмауы керек деп біледі. Интернет пайдаланушыларға арналған жаңалық тарату қызметін жақсарту мақсатында олардың кім және қайдан екені туралы ақпаратты екі жолмен жинаймыз. Біріншісі - Қазақ Инженерлер
Бірлестігінің жарияланымдарына жазылғанда пайдаланушылардың өз еркімен беретін электрондық адрестері. Екіншісі – пайдаланушылар веб-сайтымызға кірген кезде қалыптасатын жалпы статистикалық мәліметтер.

Пайдаланушылар Қазақ Инженерлер Бірлестігінің жаңалықтар топтамасына жазылғанда оларды алу мақсатында электрондық адрестерін өз еркімен береді. Қазақ Инженерлер Бірлестігі жаңалықтар топтамасын таратуға арналған электронды адрестерді үшінші тарапқа ешқандай жағдайда бермейді. Пайдаланушыларымыздың тізімі жаңалықтар топтамасын таратудан басқа мақсатқа қолданылмайды Жаңалықтар топтамасына жазылған пайдаланушы кез-келген уақытта одан бас тарта алады, мұның тәртібі жаңалықтар топтамасында көрсетілген, веб-сайтымызда жарияланған.

Жаңалықтар топтамасын алуды тоқтату барысында проблема туындаса, қызметкерімізге хат жазыңыз, оның адресі кез-келген жаңалықтар топтамасында көрсетіледі. Не болмаса This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. адресі арқылы Интернет департаментіне жазсаңыз болды.

Веб-сайт шығарушыларының көпшілігі сияқты, Қазақ Инженерлер Бірлестігінің сайты да пайдаланушылар веб-сайтымызға кіргенде, олар туралы мәлімет жинайды. Ондағы мақсат - веб-сайтымызға пайдаланушылар қаншалықта көп кіреді, олар қай елден, қай парақтарды қарайды деген сияқты ақпаратты білу үшін ғана. Азаттық радиосы бұл мәліметтерді жинау арқылы сіздің кім екеніңізді біле алмайды, веб-серверімізге кірген компьютердің сериялық нөмері ғана белгілі болуы мүмкін. Бұл мәліметтерді cookie деп аталатын стандарттық браузердің функциясы арқылы жинаймыз, ол веб-сайтымызға кіру жолдарын білуге арналған. Бұл браузерлік функция пайдаланушылар веб-сайтымызға кірген сайын өзінен- өзі пайда болады, пайдаланушы веб-сайтымыздан шыққанда тоқтайды да, өзінен- өзі жойылады. Осы жолмен жиналатын мәліметтер веб-сайтымыздың қызметін жақсартуға, жаңалықты тұтынушылардың сұранысын зерттеп-біліп отыруға мүмкіндік жасайды, сөйтіп тұтынушылардың мүддесіне қызмет етеді.

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)