Мойнақ СЭС құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласындағы ең бір ауқымды жобалардың бірі Мойнақ СЭС құрылысы қарқын алып келеді. Қазірде жоспарлы шаруаның 60 пайызын аяқталды. Кеше станциядағы маңызды нысан су ағатын туннельдің екі учаскесінің қосылуы болды. Алматы облысы Шарын өзенінің бойындағы екпінді құрылысты көріп келген Есболат Айдабосынның репортажы.

Таудың о шеті мен бұ шетіне дейін тесіп туннель яки су ағатын алапат арна салу оңай емес. Әлемдік тәжірибеде бұған 5-6 жыл уақыт кетеді. Ал Мойнақтың құрылысын мойнына алған қытай компаниясы небәрі екі жылда аяқтады. Туннельдің ұзындығы 9 шақырымнан асады. Ол арқылы Бестөбе қоймасына жинақталған су жоғарғы екпінмен еңіске қарай зулап, электр қуатын өндіруші генераторларға жетеді. Негізі жартасты жарып жасалатын осындай дерривациялық туннель ТМД кеңістігінде екі жерде ғана бар екен. Ал Қазақстанда алғаш салынып отыр.

Оразалы Қантаев, «Мойнақ» Су электр станциясының бас директоры
Мұндай ГЭС қайтіп Қазақстанда салынбайды. Мұндай үлкен напормен. Себебі мұндай мүмкіндіктер Қазақстанда жоқ. Мұндай өзендер жоқ. 500 метр напормен салынатын ГЭС. Күллі Қазақстан жылына 13 мың мега ватт энергия тұтынса, Мойнақ СЭС өндірістік қуаты 300 мега ваттқа есептелген. Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі жолындағы маңызды нысанның құрылысына 54 млрд, 128 млн теңге бөлінді. Бірақ бұл қаражат, бюджеттен емес, банктерден несиеге алынып отыр.

Есберген Әбітаев, «Самұрық-Энерго» АҚ Басөқарма төрағасының орынбасары
Банктер жайдан жай бермейді. Оған екі мәселе керек. Станция біріншіден, ол қаражатты қайтару керек. Екінші, банктер гарантия сұрайды. Кім жауапкер болады. Бұл мәселе жөнінде біздің акционер «Самұрық- Қазына» үлкен көмек берді. «Самұрық- Қазынаның» гарантиясымен қытайдың банкі 200 млн, біздің Даму банкі Қазақстанның 50 мың доллар несие берді.

Қазір Республикадағы қуат көзі ең қымбат өңір-Алматы облысы. Жетісудың жұрты киловатына орта есеппен 11-12 теңгеден төлейді. Себебі қажетті энергияның 50 пайызын сырттан алады. Екібастұз, Жамбыл ГРЭС- терінен тіпті Қырғыздардан тасмалдайды. Мойнақ іске қосылса осы тәуелділіктен сәл де болса құтыламыз дейді облыс басшылығы. Оның сыртында шағын су электр станцияларын салу жөнінде арнайы бағдарлама да қабылданған.

Болат Тәкенов, алматы облысы әкімінің орынбасары
Өзіміздің бағдарлама бойынша 28 ГЭС саламыз. 11 жылы соның екеуі іске қосылады. Лепсі мен Қараталда. Жыл сайын 2-3 ГЭС қосамыз. 10 жыл ішінде үлкені бар кішісі бар облыстық тұтынысын жабамыз.
Мойнақта мыңға тарта маман жұмыс істеп жатыр. Оның көбі Қазақстан азаматы. Құрылысшылар 4 жыл ішінде жоспарлы шаруаның 60 пайызын еңсеріп тастады. Атап айтқанда станция қызметкерлеріне арналған тұтастай бір ауыл бой көтерді. Ұзындығы 16 шақырымға жететін Бестөбе су қоймасы мен туннель жұмысы да түгелдей бітті. Қазір басқа да қосалқы нысандар мен СЭС ғимаратын салу қызу жүріп жатыр.

Есболат Айдабосын, тілші
Мойнақ СЭС құрылысы 1985 жылы басталған болатын. Бірақ тоқырау жылдары қаржының тапшылығынан тоқтап қалды. Содан 2006 жылы қайта қолға алынды. Қазірде оның қай жылы тіпті қай айда, тіпті қай күні сағат қаншада іске қосылатыны да белгілі. Кестеге сәйкес, Мойнақ су электр стансасы 2011 жылдың 11-желтоқсанында, сағат 11-00-де, салтанатты түрде пайдалануға беріледі. Яғни отандық энергетиктер осылайша тәуелсіздіктің 20 жылдығына тарту жасамақ.

Есболат Айдабосын
www.kaztrk.kz

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)