Кәсіби мереке – Құрылысшы Күні

Кәсіби мереке – Құрылысшы КүніҚұрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекемен – Құрылысшы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Соңғы жылдары қазақстанның құрылыс кешені қиын уақытты басынан өткерді: құрылыс тоқтады, тұрғын үйлердің құрылысы аяқталмай қалды. Біз қиын уақыттың арта қалғанына және бүгін құрылысшылар өздерінің кәсіби мерекесін жақсы көңіл-күймен қарсы алатындарына сенеміз. Қиындықтар алдында еңсесін түсірмеген және оған берілмеген, Қазақстанның өңірлерін қайта жаңартуды және дамытуды қайта қолға алған барлық құрылысшыларға алғыс айтамыз.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қазақстан құрылыс индустриясының бағыттарын нығайту үшін барлық күш-жігерін салады, алда көп айлық қауырт жұмыстар күтіп тұр. Ойлағандарды іске асыру үшін тек жоғары кәсіби біліктілік пен тынымсыз еңбек қана емес, сонымен қатар өз істеріңізге шынайы ынта мен ықылас қажет. Осының барлығы қазақстандық құрылысшылардың бойында бар екендігіне нық сенімдімін.

Осы мереке күні сіздерді, құрметті құрылысшылар бар өнерлеріңізді, жандарыңызды салып жасаған ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтуға рұқсат етіңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, сәттілік және еңбектеріңізде жаңа табыстар тілеймін!

Серік Нокин
ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Төрағасы Нокин С. К.

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)