Несеп қуатымен жасайтын робот

Бристоль зерттеушілері бір амалын тапса, несеп әншейін қалдықтан жанармай мәртебесіне көтерілуі мүмкін. Бристоль робот лаборатория Bristol Robotics Lab (BRL) тобы микроб жанармай жасушалар Microbial Fuel Cells (MFCs) арасында несепті пайдалану әдістерін зерттеуде. MFC жасушалар бактериялық дақылдарды пайдаланып органикалық материалдарды уатып қуат өндіре алады. Бұл дамып келе жатқан технологияны қуат-тәуелсіз роботтардың жұмысына қолдануға болады.

BRL зерттеушілері үш жыл жарым уақытын осы жасанды асқазанды ақаба-су-қуатты роботты шығаруға күш жұмсады.
Енді BRLдің ғалымы Dr Ioannis Ieropoulos бұл жұмысты жалғастыруға £564,561 төрт жылдық EPSRC Career Acceleration Fellowship Grant грантына ие болды. Бұл зерттеудің бірегей аспектісі – қалдық материал несепті қуат өндірісіне пайдалану.

“Біз қуат өндіретін ең жақсы қалдық материал іздеудеміз. Жылдар бойы біз MFC жасушаларды шіріген алма, шөп, креветка қабығы, өлген шыбынмен тамақтандырып, әр түрлі шығын материалдар қандай жанармай болар екен деп, зерттеудеміз” деп түсіндірді Dr Ieropoulos.

“Несеп өте үдеме химиялық заттек, азотқа бай, және құрамында мочевина, хлорид, калий, билирубин бар. Сондықтан бұл MFC жасушаларға өте жақсы тамақ болады. Біз алдынала тесттер өткізіп оны өте нәтижелілік шығын материал деп таптық. Қазыр әлі зерттеудің басты күндері болғанмен де, біз жылжымалы әжетхананың прототипын өндіреміз деген үміттеміз. Осындай әжетханалар жанармай жасушалардан қуат өндірсе, оларды, мысалы, музыкалық фестиваль және басқада сыртта өткізілетін шараларда қолдануға болар еді.” Әлдеқашан, зерттеушілер Ecoprod Technique атты сусыз-әжетхана компаниясымен хабарласып, жаңа технологияның потенциалын көрсетіп отыр.

Алда шешілетін аспекттердің бірі - MFC жасушалардың катод жағын дамыту. Сол кезде жасуша түгелдей өзін-өзі қамтамасыз етер еді. Әр MFC жасушаның аноды мен катоды бар, бәрі бірге қуат өндіретін система құрады.  Негізінде бактериялар анод жағында, химикатармен оттек катод жағында жайғасады. Химикаттың орынына балдырды пайдаланса MFC жасушалар өз-өзін қамтамасыз ететін системаға айналар еді – балдыр қалдықтары анод жағындағы бактерияларға жем болып яғни өзінің қалдығы мүмкін қуат өндірісіне пайда болар еді.

Dr Ieropoulos: “Бұл зерттеу қуат өндіру және адам шығындарына көзқарасты өзгертер деген үміттеміз.”-дейді.

The IET

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)