Адам күшімен жүретін машина жылдамдығы 90 км/с дейін барады

Бұл адам күшімен жүретін гибрид машинаның жылдамдығы 90 км/с дейін барады және ол сізді жақсы физикалық қалыпте ұстайды.

HumanCar Imagine PS атты бұл төрт кісілік машина, инженер Charles Greenwood

мырзаның ойлап тапқаны. Ол, осындай адам күшімен жүретін көліктерімен, 40 жыл үстінде айналасып жүр екен.

Бар төрт адам күшін салғанда, көлік тек қана адам күшімен жүреді, бірақ кісі одан аз кезде електр батареясы пайдаланады.

Машина тұтқасын бірнеше рет алға-артқа қозғағанда тұтанады және әр дені сау сақа адам оны оңай жүргізе алады.
Greenwood мырза адам күшімен жүретін машиналармен айналысуды 1968 жылы пайдаланылған газдардың әсерін басу және жүргізушілердің денесін шынықтыру мақсатымен бастапты.

Бұл машина тауға қарсы 40 км/с және тегіс жермен 90 км/с жылдамдығымен жүре алады.

Ендігі жылы Imagine PS £10,000  британиялық паундқа сатылады және компания қазір әлдеқашан 100 алдын-ала тапсырыстар қабылдапты.

Коммерциялық сатылатын машиналарға әр ауа-райына бірдей төбе өнделуде және тач-скрин дисплей мен GPS және компьютер, биометрик мәлімет, дыбыс пен байланыс системалары орнатылады. Болашақ модельдерге қауыпсіздік ауа қаптары орнатылады.

Машина өндірісі 800 алдын-ала тапсырыс алынған кезде басталады.

Greenwood мырза айтуынша, HumanCar – қазір тәуелсіз және табысты көлік. Оның 200 жылдық жоспарында, бірнеше басқа нәрселердің арасында, шабаданға бүктеліп салынатын екі-кісілік жылжымалы электр станциясы да бар.

Daily Mail Reporter

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)