Студент ‘ақылды’ қыш құмыра ойлап тапты

Университет студенті гүлдің астында су таусылғанда от жанып хабарлайтын қыш құмыра ойлап тапты. Әншейінде көп адам өлімсіреген гүлді өзі сигнал бергенше байқамай қалады да уақыт өтіп кетеді.

Бірақ сарғайған жапырақ заманы енді бітті деуге болады, неге десеңіз енді бізде су азайғанын айтып тұратын 'ақылды’ қыш құмыра бар.

‘Tulipe’ (қызғалдақ) атты қыш құмыра ішіндегі сенсорлар температура, жарық немесе ылғалдық деңгейі оңтайлы болмаса, құмыра жанындағы қызыл отын жағады.

Гүлдің жері тым ыстық немесе тым салқын немесе тым жарық немесе тым қараңғы немесе тым құрғақ болса, Tulipe қыш құмыраның қызыл оты жанып қауыптілік сигналын береді.

Қыш құмыра коммерциялық өндіріске енгізілген жоқ, бірақ құмыра ойлап тапқан 22 жастағы Natalie King, бұл құмыра инвесторлардың көздеріне түседі деген үмітте.

Бұл өнертабыс Наталидың көзі шамалы көретін, бірақ атақты гүл өсіруші бағбан атасымен жігерлендірген.
King ханым өзінің университет жұмысын атасының гүл бағу проблемасын шешуге арнады.
Бұл өнертабыс жаңадан бастаған бағбандарға да гүлдерін тірі ұстауға кішкене болса да көмек болар деп үміттенеміз.
Ылғалдық және температура сенсорлары құмыраның астында, жарық сенсоры құмыраның  сыртында орналасқан.
‘Білуімше, 75 ден асқан адамның 50% көздері нашар, сондықтан бұл құмыра оларға өте пайдалы болуы мүмкін’, дейді King – ‘менің атам өте қуанышты бұл құмыраға'.

Осы құмыраның көмегімен King ханым Лондон Brunel университетін қызыл дипломмен бітіріп, қазір ол Шанель (Chanel) компаниясына дизайнер болып жұмыс істеп жүр.

MailOnLine