Біздің мүшелер

Қазақ тілін білетін, сүйетін және құрметтейтін, сауатты және жоғары білімді мамандар бірлестіктің мүшесі болады. Олар өз елінің өркендеуіне сенетін қазақ елінің патриоттары. Бірлестік мүшелерінің негізгі қасиеттері – намыс, абырой, адамгершілік, тәртіп болып саналады. Олар жалпы адамзаттың негізгі құндылықтарын құптайды және жарқын көзқарастар мен пікірлердің өрлеп жоғарлауына рухтандырады.