Біздің адамдар

Біздің адамдарӘлемде қазіргі кезде көптеген техникалық қоғамдар қызметін жасайды. Мысалы, IEEЕ, 1884 жылы негізделген 395 мың мүшесі бар америкалық техникалық қоғам, немесе IET – 1871 жылы негізделген 153 мың мүшесі бар британдық қоғамдарды айтуға болады.

Біздің тұңғыш қазақ техникалық қоғамымыздың құралғанына жақында екі жыл болады. Үкіметтен я басқа мекемелерден қаржылай көмек болмағанына қарамастан, өткен мерзімде біршама жетістіктерге жеттік. Бұл жетістіктер талантты және нағыз Қазақстан патриоттардың арқасында істеліп отыр.Бүгін біздің қоғамды қолдап отырған адамдар туралы жақсы сөздер айтқым келеді. Серік Ескенеев, Карачаганак Петролеум Оперейтинг компаниясының жетекші инженер-электригі болып жасайтын және Caterpillar компаниясында жұмыс жасайтын Жанбулат Тулегеновты біздің қоғамның идеялық рухтандырушылары деп айтуға болады.

Қолынан келген көмегін әр түрлі мекемелерде жасайтын инженерлер, басшылар және мамандар: Фарид Камалиев, Нұркен Сенғалиев,  Жолдыбай Нұржанов, Ахат Беркалиев, Ұлжан Қалиева, Гүлайым Қаиршина (КПО), Кристофер Даунз (Бритиш Газ), Нурбулат Шамшенов (Казахэнергоэкспертиза), Ертай Мұстафин (Лукойл), Нұржан Қарақулов (Technomare) көрсетеді.

КПО компаниясының қызметкері, дарынды аудармашы және нағыз қазақ патриоты, Сәуле Қожабергенова бізге үш тілде, яғни ағылшын, қазақ және орыс тілдер арасында аударма жасауға көмектесті. «Батысэнергоаудит» сарапшы компаниясының басшысы Бародус Изделеев бізді қолдап жиналыс өткізуге көмек беріп тұрды.

Бұл адамдардың бәрі прогрессивтік, Қазақстанның және біздің бірлестіктің жарқын келешегіне сенетін, қазақ инженер атағын жоғары ұстайтын және өз халқының тағдырына жауапкершілігін сезетін адамдар.

Мықты дизайнерлік қабілеті бар, талантты және өте білікті инженер-программист Марат Мендалин, біздің қауымдастыққа әдемі және қазіргі заманға сәйкес логотип жасап берді. Қазір Марат www.ktb.kz атты, тұнғыш қазақ техникалық энциклопедия сайтын өңдеуде.

Біздің негізгі www.kazib.kz сайтымызды, кейінде Лондонда Техникалық университетін (Middlesex University) «қызыл дипломмен» бітірген, тағы бір талантты және болашағы зор инженер, Марлен Қасым жасады.

Қоғам мақсаттарына жету іс-барысында біз басқа мекемелермен серіктестік келісімдерге қол қойдық. Соның ішінде ТОО «Технопарк Алгоритм» және бізге балалар арасында сайыс өткізуге жәрдем берген Бөрлі аудандық балалар кітапханасы. Қазір біз ұқсас келісімді Назарбаев Университетінің техникалық қоғамымен (Nazarbayev University Engineering Society - NUES) бекітпекпіз.

Осы азаматтарға біздің қоғамның өркендеуіне салған үлестеріне шын жүректен алғыс айта отырып, біз жеткен жетістіктерімізге тоқтамаймыз, алдымызда тұрған мақсаттарымызға және отанымыздың өркендеуіне бар күшімізді салып, жұмыс жасаймыз деп айтамыз.